Ресми

Нұра өзеніне екі қыз бала батып кетті

Бұқар жырау ауданындағы Нұра өзеніне 2011 және 2009 жылы туған екі қыз бала батып кетті. Облыстық полиция департаментінің мамандары екі баланың рұқсат етілмеген жерде шомылғандығын анықтады.

Сурет aikyn.kz

Аталған оқиға Қызылжар ауылында орын алған. Екі оқушы қыз суға түсіп, белгісіз жағдайда батып кеткен. Бірақ, олар тыйым салынған жерде шомылғаны анықталды. Ал, жағалаудан қыздардың жеке заттары табылған.

Ауыл тұрғындары балалардың суға түскен жердің иірімі қатты екендігін, жағадан төрт метрдей жерде тік жар барын айтады. Негізі, оқиға орнында үш бала болған. Бір қыз бала жағада қалған. Кейін болған жайтты жақындарына сол бала хабарлаған екен.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button