АймақНұра

Нұра кентінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Нұра кентінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Кентте заманауи балалар алаңы салынып, аудан орталығына апаратын айналма жолға қосымша жарық бағаналары орнатылып, жол белгілері жаңартылуда. Балаларға арналған жаңа ойын алаңы Нұркен Әбдіров көшесіне салынбақ.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

–  Жасанды көгалдар, әткеншектер, орындықтар, 200 шаршы метрлік урналары бар ойын алаңы орнатылады. Өткен жылы Әлихан Бөкейхан көшесіне тағы бір осындай ойын алаңы салынған болатын. Онда  балаларға  ешқандай зиян келтірмеуі үшін яғни қауіпсіздік мақсатында қоршау жұмыстары жүрігізіліп жатыр. Ауылда барлығы бес заманауи ойын алаңы салынып, тағы бес футбол алаңын орнатқымыз келеді,- дейді Нұра кентінің әкімі Мұратбек Тұраров.

Сондай-ақ Қонаев, Мыңбаев, Н.Әбдіров, Талжанов және Жауынгер-интернационалистер көшелеріндегі жолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Тұрғындардың өтініші бойынша Тәуелсіздік көшесіне тас жол төселіп, жаңартылмақ. Жалпы кентте жолдардың жақсы әрі сапалы  үлесі 80 пайызды құрайды.

– Осакаровка ауданынан  біздің ауылға кіретін айналма жолда біз қосымша 20-дан астам жарықтандыру бағандарын орнатамыз. Себебі түнде жарық өте бәсең түседі. Кент бойынша бізде көшелердің 97 пайызы жарықтандырылған. Сондай-ақ көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Осы жылы біз мың түп тал отырғыздық және тұрақты түрде сенбіліктер өткізіп тұрамыз, – деп атап өтті кент әкімі Мұратбек Тұраров.

Нұрада жол белгілері толығымен жаңартылды, оның ішінде 15 жаяу жүргіншілер өткелінде жол белгілері жаңартылып, боялды.

Болашақ саябақтың аумағын тегістеу жұмыстары басталды.

Алдағы жылдары ауылда  600 адамдық орынға арналған шығармашылық үйі мен ыңғайлы әрі сапалы мектеп салынады. Сонымен қатар кәріз желілері мен қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонын салуға түрлі жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Аружан СЕРІКБАЙ,

Е.Бөкетов атындағы зерттеу университеті

журналистика бөлімінің ІІ курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button