Нұралықтар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қызу қолдауда.
Бүгінде ауданымызда республикалық акциясына сәйкес бұлақ көздерін ашу және айналасын қоқыстан тазарту мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.
Игі бастамаға аудан әкімі Бақытжан Мұқанов, аудандық мәслихат төрағасы Қуаныш Жүнісбеков, Көбетей ауылы әкімі Айтбай Сейткалиев және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды туғызып, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту.
Көбетей ауылында орналасқан бұлақ аумағы тұрмыстық және табиғи қоқыстардан тазартылып, әктеу жұмыстары жүргізілді.
Бұлаққа барар жолға қиыршық тас төселіп, маңайына өрік көшеттері отырғызылды.
Сонымен қатар, Нұра кентіндегі Құндызды өзенінің маңайында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz