Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысында бес азаматқа құрметті атақ берілді

Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында бес азаматқа «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды.

Cурет ЖИ арқылы жасалды

Бұл жоғары атақ өңір мен Қазақстанның дамуына қосқан жеке үлесі мен айрықша еңбегі үшін мәдениет саласының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Серік Ақсұңқарұлына, мәдениет және білім саласының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Тұңғышбай Мұқанға, сот жүйесінің ардагері Ерден Әріповке, «QazCOOP» оқу орындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Хазбулат Ашляевқа және «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» КМК неврологиялық және инсульт қызметінің басшысы Михаил Мазурчакқа берілді.

Тиісті шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданды.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button