АймақБас тақырыпНұра
Нұра ауданында пайдаланылмай жатқан 46 271 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында 46 271 гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы учаскесін анықтады.
Қарағанды облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жердің кадастрлық құны 258 миллион теңгеден астам соманы құрады. Жер учаскесі ұзақ уақыт бойы өз мақсаты бойынша пайдаланылмай келген.
– Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді бұл жер оны ауыл шаруашылығын дамытуға тиімді пайдалана алатын жауапты азаматтарға беріледі. Мұндай учаскелер өңірге және тұрғындарға пайдасын тигізуі үшін пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және қайтару жұмыстары жалғасады, – делінген хабарламада.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА