Руханият

«Әміре» – Қарағандыда

5 сәуір – бейсенбі күні «Сарыжайлау» кинотеатрында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «DAR play» компаниясы бірлесіп түсірген режиссер Джеффри Веспаның «Әміре» картинасының аймағымыздағы алғашқы көрсетілімі өтпек.

Фильмге ХХ ғасырдың басында Еуропаға қазақ әнінің құдіретін жеткізіп, халықаралық «ЭКСПО» көрмесінде әуелетіп ән салған Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығы арқау болған.

1925 жылы Парижде өткен «Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes» аясындағы бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын таныстырған 36 жасар Әміре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, ІІ орынды және күміс медаль иеленеді.

Шетелдік киногерлердің көмегімен түсірілген тарихи фильмде біздің жерлесіміз, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жетекші әншісі, Ж.Елебеков атындағы І республикалық байқаудың бас жүлдегері Сержан Мұсайынов әлемді тамсандырған ұлтымыздың ұлы әншісі Әміре әндерін орындайды.

Тарихи картина голливудтік продюсер Кэри Грэнэт пен «Оскар» сыйлығының иегері Эдом Джонстың қатысуымен түсірілген. Әміре ролінде – актер Санжар Мәдиев, Мұстафа Шоқай ролінде – актер Еркебұлан Дайыров. Фильмнің бас продюсері Әлидар Өтемұратов.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button