Мешін аймаққа не берді?

    Санаулы күннен кейін тағы бір жыл тарихтың еншісіне беріледі. Жаңа жылдың табалдырығында тұрғанда, әркімнің туған ай — туралған еттей болып, өте шыққан жыл он екі айдың бергені мен өзінің көргенін ой елегінен өткізері және һақ. Тәңірдің берген несібесін теріп жеп жүрген кез келген тіршілік иесінің келер жылдан үмітсізі жоқ. Биыл қисыны келмеген істің қиюын Жаратқан келер жылы келтіргей деген тілек көкейде. Дегенмен, жалқыдан жалпыға ауыссақ. Қарағанды аймағының мешін жылындағы экономика мен өндірістік жолына көз жүгіртіп көрелік. Мешін Қарағандыға қандай құт-береке әкеліпті?

   Сонымен, статистика Қарағанды облысының өнеркәсіптік өндірістің көлемі 1701,2 млрд.теңгені құрағанын айтады. Бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғандағы деңгейіне — 104,8%. Ал, Индустрияландыру картасы бойынша 2016 жылы 950 астам жаңа жұмыс орындарын ұсынған 102,9 млрд. теңге сомасындағы 10 жоба іске асырылды. Ауыл шаруашылығында 207,8 млрд. теңге көлемінде жалпы өнім өндірілді.Соның ішінде, ірі қара 1,1%-ға, жылқы 5,4%-ға, құс 8,2%-ға артты. Ет өндірісі – 2%, сүт – 7,6%, жұмыртқа – 0,7% көбейген екен.

   Негізгі капиталға инвестициялар 263,8 млрд. теңгені құрап, оның ішінде 66,2% — меншікті қаражат, 22,7% — бюджеттік қаражат, 5,1% — банктердің кредиттері, 6,1% — басқа да қарыз қаражаты игерілді. Бұдан бөлек, 132,1 млрд. теңге сомасына құрылыс жұмыстары орындалды. 305,8 мың шаршы метрді құрайтын баспана тұрғындарға табыс етілді. Нақтырақ айтқанда, 2 444 отбасы баспаналы болды.

   Кәсіпкерлікте де өріс кең. Мәселен, 1 желтоқсанда белсенді, әрі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің саны 84416 бірлікке жеткен.

   Облыс бюджеті 2016 жылдың 1 желтоқсанға жағдайы бойынша 248,7 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 49,3%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 159,6 млрд. теңге бағытталды (64,2%), олардан білім беруге – 84,1 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 47,9 млрд. теңге.

   Құрылыс жұмыстарының көлемі 132,1 млрд. теңгені құрады. 9,4%-ға (2016 жылдың 3-тоқсаны 123,7 мың теңге) жалақы, жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстары — 7,2% — ға өсті.

   Облыс экономикасының оң өсу қарқыны мемлекеттік пен үкіметтік бағдарламалар аясындағы іске асырылатын шаралар есебінен де қамтамасыз етілген.

   Инфрақұрылымды дамытудың және экономиканы қолдаудың басты құралдарының бірі – «Нұрлы Жол» Мемлекеттік бағдарламасы.

   Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен облыста 21 әлеуметтік нысанның және жылу, сумен жабдықтау нысандарының және 2 жобаның құрылысы жүргізілуде.

   Экономиканың барлық салаларында 11 011 жұмыс орны құрылды.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.