Мерейді өсірген жетістік

   «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Kazakhmys Smelting» ЖШС «Казкат» зауыты алғашқы өні­мін берген кезеңнен бастап есеп­те­генде 500 мың тонна жоғары са­па­лы мыс ширатпасын шығарды. Бұл – әлемдік стандарттарға толыққанды жауап бере алатын, экологиялық тұрғыда қауіпсіз әрі халық шаруашылығына аса қажетті өнім өндіретін Қазақстандағы жалқы кәсіпорын.

Әлемдік нарықтағы қатаң бәсекеге қарамастан, зауыт өз жұмысын ұтымды түрде жалғастыру үстінде. Сапалы өнімдерін отандық 20 кәсіп­орынға ұсынатын ұжымның Израиль, Италия, Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Ресейге өнім өткізу тәжірибесі де бар. Қазіргі таңда шығарылатын мыс ширатпасының көлемін ұлғайтып, сапасын одан әрі арттыру мақсатындағы шаралар қолға алынып отыр. Соның нәтижесінде, әр ай сайын өндірілетін өнім көлемі 500 тоннаға жеткізілмекші.

Мерейлі сәтте арнайы есептеулер жүргізіп те үлгердік. Бағамдасақ, кәсіпорын алғаш іске кіріскен сәттен бастап, жалпы ұзындығы 1 миллион 200 мың шақырымды құрайтын мыс ширатпасы шығарылған екен. Бұл – біз өндірген өніммен Жер шарын 30 мәртеден аса айналдырып орап шығуға болады деген сөз, – дейді ұжым басшысы Қуаныш Бекбаев.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.