Жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы артады

 

Мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы 2016 жылы мынадай жұмыстар атқарды.

2016 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру жұмыстары басталды, оған Қарағанды облысының 43 ұйымы кірді.

2016 жылдың ақпан айында тиісті Сату кестесі бекітілді, соған сәйкес, 2016 жылы 15 ұйым (3 облыстық ұйым және 12 аудандық (қалалық) коммуналдық меншік ұйымы), оның ішінде «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 1 еншілес ұйымы жекешелендірілуі тиіс болды.

Өткен жылы Кешенді жоспарды орындау бойынша келесі жұмыстардың жүргізілгенін атап өту керек. 6 ұйым сатылып, облыс бюджетіне 75 миллион теңгеден аса түсім түсті. Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бастапқы бағасы 161 206 900 теңге құнынан үшінші сауда-саттықта 42 101 000 теңгеге сатылды.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 5 ұйымды сату бойынша жұмыстар атқарды.

Сонымен бірге, үш ұйым таратылуға жатады.

Мына ұйымдарды: Жезқазған қаласының «Қалалық автожолдар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын, Саран қаласының «Абаттандыру» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (100%), «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының еншілес ұйымы «Арқа-Изобилие» орталықтандырылған өндірістік-бөлшек компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін оңалту, кредиттік міндеттемелерді орындау және жарғылық құжаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіру бойынша рәсімдік іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты 2016 жылы сауда-саттыққа шығару мүмкін болмады.

Жезқазған қаласының «Спорттық сауықтыру кешені» КМҚК-ге, Жезқазған қаласының «Полигон» ЖШС-не (100%), «Теміртау спорт клубы» КМҚК-ге қатысты 2016 жылы екі сауда-саттық жүргізілген болатын, бірақ олар сатылмады, осыған байланысты олар 2017 жылы үшінші рет жекешелендіруге шығарылатын болады.

Облыстың коммуналдық меншігіндегі ведомстволық бағынысты 476 ұйымына қайта түгендеу жүргізілді.

Сонымен бірге, Жезқазған кентіндегі жылжымайтын мүліктің 8 объектісі сауда-саттықта сатылып, облыс бюджетіне 3 701 192 теңге түсті және 12 автомашина 4 632 008 теңге сомасына сатылды.

«Сарыарқа» арнайы-экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету мақсатында Бұқар жырау ауданында «Сарыарқа» арнайы-экономикалық аймағының аумағында орналасқан облыстық коммуналдық меншіктің 3 объектісін сенімгерлік басқаруға беру бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.

2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Коммуналдық меншіктің заңды тұлғаларының тізіліміне 1709 ұйым енгізілген, оның ішінде 296 облыстық, 1413 қалалық, аудандық ұйымдар бар.

Қарағанды облысының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік активтердің құны 203 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық – 73,6 млрд. теңгені құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 48 млрд. теңгеге өсті, оның ішінде облыстық – 22,6 млрд. теңге (салынған, иеленген және коммуналдық меншікке сыйға тарту шарты бойынша қабылданған объектілердің есебінен).

Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың және жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметінің нәтижесінде 2016 жылы облыс бюджетіне:

ЖШС-ге қатысу үлесіне табыстар – 2 233 мың теңге;

мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігі – 129 663 мың теңге түсті.

Мемлекет басшысы кредиттік тұрғын үй салу мақсатында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына берешек бағалы қағаздарды кейіннен «Бәйтерек-девелопмент» акционерлік қоғамының сатып алуымен 20 жыл бойы әр 2 жылда шығаруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Осы жоба бойынша Қарағанды облысы бойынша кредиттік тұрғын үй салуға 2,4 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 2016 жылы – 887,8 млн. теңге, 2017 жылы – 1 526,6 млн. теңге бөлінді.

Басқарма тұрғын үйді салуды қаржыландыру үшін Қарағанды облысы әкімдігінің бағалы қағаздарын шығару бойынша жұмыстар атқарды, оның қорытындысы бойынша 2016 жылғы 8 тамызда облыстық бюджетке 887,8 млн. теңге сомасында қаражат түсті.

2017 жылы 1 526,6 млн. теңге сомасына бағалы қағаздар шығару жоспарланып отыр.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті уақытша пайдалануға беру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Өткен жылы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар арасында жалпы алаңы 35 321,99 шаршы метр мүлікті өтеусіз пайдалануға 100 шарт жасалды.

Облыстық коммуналдық меншіктің 16 781,87 шаршы метр алаңы мүліктік жалдауға (жалға алуға) беріліп, 368 шарт жасалды, бюджетке түскен түсімнің сомасы 76 896 300 теңгені құрады.

Жекешелендіру және нысандарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша барлық рәсімдер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына және Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасына сәйкес dosreest.kz веб-порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі.

Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы қызметінің екінші маңызды бағыты Қарағанды облысының мемлекеттік органдары, мекемелері мен кәсіпорындары өткізетін мемлекеттік сатып алуды талдау болып табылады.

Елбасының тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік сатып алу конкурстарының жекелеген бөлігерін республикалық және жергілікті деңгейлерде орталықтандыру мақсатында Басқарманың функциялары кеңейтіліп, мемлекеттік сатып алу саласындағы функциялармен толықтырылды. Бұл – Қарағанды облысының әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар бойынша бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, ұйымдастыру және өткізу.

Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап объектілерді салу және қайта құру бойынша конкурстар өткізуге кірісті. Электрондық конкурстарды өткізу кезінде Қарағанды облысының әкімі конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады.

Өткен 2016 жылы Басқарма мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде жалпы сомасы 27,1 млрд. теңгеге 100 конкурс өткізді.

Бірыңғай ұйымдастырушы өткізген конкурстардың нәтижесі бойынша шартты үнем шамамен 2,6 млрд. теңгені құрады.

Сонымен бірге, Басқарма мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері өткізетін мемлекеттік сатып алуды тұрақты түрде талдауды жүзеге асырады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізінен облыс бойынша жалпы сомасы 52 млрд. 508 млн. теңгеге 914 конкурс пен аукцион өткізілді (оның ішінде 49 млн. теңгеге 12 аукцион).

Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жалпы сомасы 29 млрд. теңге 774 млн. теңгеге конкурстар мен аукциондар өткізді.

Қалалар мен аудандар жалпы сомасы 22 млрд. 734 млн. теңгеге 648 конкурс пен аукцион өткізді (соның ішінде 49 млн. теңгеге 12 аукцион).

Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жалпы сомасы 29 млрд. 774 млн. теңгеге 266 конкурс пен аукцион өткізді.

Қалалар мен аудандар жалпы сомасы 22 млрд. 734 млн. теңгеге барлығы 648 конкурс пен аукцион өткізді (оның ішінде, 49 млн.теңгеге12 аукцион).

Өткізілген конкурстар мен аукциондардың қорытындысы бойынша шартты үнем 5 млрд. теңге 957 млн. теңгені құрады.

Квазимемлекеттік секторда 2016 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 4 млрд. 656 млн. теңгеге 330 конкурс өткізілді. Шартты үнем 859 млн. теңгені құрады.

Басқарма мемлекеттік сатып алу үдерісінің заңнамалық реттелуіне тұрақты түрде талдау жүргізеді және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заңнаманы жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар енгізеді.

Конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу үдерісінің шынайлығы мен ашықтығына, әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге және жемқорлық тәуекелдерді азайтуға ықпал ететін жекелеген кезеңдерді енгізу осы жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Жалпы алғанда, Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы 2016 жылы Елбасының және облыс басшылығының коммуналдық мүлікті тиімді басқару, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алудың заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету саласында алға қойған міндеттерін орындау жөнінде атқарған жұмысының сапасын жоғары деңгейде сақтады деп есептейміз.

«Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында өз құзыреті шегінде бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарма «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес сыйға тарту шарты және мүліктің қабылдау-беру актісі (табыстау актісі).

Басқарма 2016 жылы 13 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетті. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық ұсынылмауына байланысты 9 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы ақпаратты www.krgoblfin.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

2016 жылы мемлекеттік қызмет алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.

М.КАДЕКОВ,

«Қарағанды облысының

мемлекеттік активтер және

сатып алу басқармасы» ММ басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button