Пікірлер
Мемлекет басшысымен біргеміз
Қатерлі індеттің әлемді әбігерге салғанына да біраз уақыт болды. Осындай сәтте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл шешім қабылдап, ел-жұрттың амандығы үшін төтенше жағдай қабылдауы өте құптарлық іс болғаны анық.
Бұл жағдай халыққа тиімді болмағанымен, сақтық мәселесінде, індеттің жалпақ жұртқа жайылмауының алдын-алуда – оңтайлы әрі батыл қадам. Жұқпалы дертке осылайша дер кезінде тосқауыл қоймасақ, бүгінгі күніміз қалай болар екенін кім білсін?!
Халықтың төзімі мен бірлігі, сондай-ақ, түсіністігі арқасында қатерлі қауіптің белең алмауына ықпал жасадық.
Мемлекет басшысының елдің қамы үшін тағы бір мәрте мәлімдеме жасауы көп нәрсені аңғартты. Сол арқылы Президент әрдайым елімен бірге екенін дәлелдеді.
Ізтөлеу ТҮСІПОВ,
ақын.