Бас тақырыпРесми

Мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жіберді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады ortalyq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет: ҚР Премьер-министрінің сайтынан

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
  2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
  4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінген құжатта.

Айта кетейік, Премьер-Министр міндеттерін уақытша Роман Скляр атқарады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button