Балқаш

ӘМБЕБАП МУЗЫКА КЕШЕНІ

Елдің болашақ тұтқасын ұстайтын бүгінгі мектеп оқушыларына жан-жақты қамқорлық керек. Мәселен, этнография­лық, дәстүр-салт, әдет-ғұрып, салт-санамен қоса музыкаға да кеңінен баулып, талант ұштаудың берері мол. Музыкаға құштарлық – адамның жан дүниесін тазартып, ізгілікке бастайды.

Балқаштағы «Сары қазына» ЖШС Қоңырат шағын ауданындағы №3 мектепке кешенді музыка жабдығын сыйлап, қуанышқа кенелтті. Әмбебап музыка кешені кез келген мәдени ісшараны ауқымды түрде жүргізуге мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, өнерлі жастардың музыка ырғағына еркін еніп, жоғары деңгейде сүйемелдеу арқылы ән шырқауына жағдай жасайды. Музыка – рухани байлық. Қалың жұртшылықтың көңілін сергітіп, жан дүниеңнің тазалығына жетелейтін осы – музыка құдіреті.

«Сары қазына» өндіріс орнының әкімшілігіне мектеп ұжымы, әсіресе, жас жеткіншектер шексіз ризашы­лығын білдіріп отыр. Қолыңнан кел­се қамқорлық, жанашырлық танытқанға не жетсін?! Ал, өнерге деген жанашырлық ұлттық рухты ұйыта отырып, адамгершілік биіктерге жетелей түседі.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Балқаш қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button