Бас тақырып

Мамандар: Қазақстанды қуаңшылық күтіп тұр

Мамандар су тасқынынан кейін Қазақстанда құрғақшылық болады деген болжам жасады. Оның үстіне Қазгидромет ғалымдар жаздың әдеттегіден ыстық болатынын хабарлады, деп хабарлайды Ortalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: pixabay.com сайтынан

Мамандар Қазақстандағы су тасқыны егінге кері әсерін тигізеді деп есептейді. Су топырақтың барлық құнарлы қабатын шайып кеткенін, септиктер мен мал қорымдарының эрозиясы егістіктерге ауру қоздырғыштарын әкелуі мүмкіндігіндігін, жазда қуаңшылық күтіп тұрғанын айтады.

– Жыл сайын жылыну процесі күшейе түседі. Ал көктемде суға батып қалсақ, жазда су болмайды. Ал енді осы еріген судың барлығын жинау үшін суару арналарын, резервуарлары бар каналдарды, су ағызатын каналдарды салу керек, – деді «Kaz Eco Patrol» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тимур Елеусізов.

Мамандар көбірек су қоймаларын салуды немесе суды сақтау үшін шұңқырлар жасауды ұсынады. Оны егін суаруға, балық өсіруге пайдалануға болады.

– Бір жыл ішіндегі плюс және минус температуралардың қосындысы бір-бірімен теңестіріледі, жауын-шашынның қосындысы және осы жауын-шашынның кіріс және шығыс қосындысы да теңестіреді. Демек су басқан кезде немесе бір жерде қатты жауын жауса, артынша құрғақ жел, құрғақ ауа райы болады дегенді білдіреді, – деп мәлімдеді «Су хабы» халықаралық зерттеу орталығының директоры Анатолий Рябцев.

«Қазгидромет» күзгі далалық зерттеудің қорытындысын жариялады. Ақмола облысында және Қазақстанның басым бөлігінде топырақ қанағаттанарлықтай ылғалды, егін жақсы болады деген жақсы болжам бар.

– Ақмола облысының басым бөлігінде маусым айында орташа ауа температурасы нормадан жоғары болады деген болжам бар. Шілде және тамыз айларындағы болжам бойынша ауа температурасы нормаға жақын, шілдеде жауын-шашын нормадан жоғары, тамызда нормаға жақын болады, – дейді жетекші инженер-агрометеоролог Қантаева Айгүл.

Дегенмен болжам тағы жаңартылады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button