Мақсатымыз – қуатты Қазақстан!
Қуатты Қазақстанды құру үшін жұдырықтай жұмылуымыз тиіс. Президент өз мақаласында көптің көкейіндегі мәселелерді айтты деп ойлаймын. Қазір тұтас қоғам газетке басылған Мемлекет басшысының пайымын талқылап жатыр. Талқылап қана қоймай, ой түйген абзал.
Қасым-Жомарт Тоқаев мақаласында жаңа жыл мейрамына ерекше тоқталды. Өздеріңізге белгілі, Президентіміз сауықшыл, сайраншыл емес. Той тойлап, шашылғаннан гөрі шаруа атқарғанды, іс тындырғанды жөн көреді. Оған бірнеше рет куә болдық. Бұл – білімді адамға тән қасиет. Халқына да соны үндейді. Осы сөзі арқылы «Жұртым, білім қуып, елге қызмет етейік» дегенді айтып тұрғандай. Ұлттық болмысымызды, қасиетімізді даралап тұратын ұлыстың ұлы күні Наурызға баса мән берген жөн.
«Кеттің бе – қайырылма!». Ел азаматтары қазір осы сөзді қызу талқылап жатқандай көрінеді. «Қазақстанда екі билік бар» деген қаңқу сөз тарағанын білесіздер. Міне, Қасым-Жомарт Тоқаев соның бәріне нүкте қойды деп есептеймін.
Майра ӘБДІРАХМАНОВА,
қоғам белсендісі