«Мұсылмандықтың айғағы – хиджап емес, иман»
Біз – жоқ іздеп жүрген жоқшымыз. Өзгенің бойынан да, өз бойымыздан жоғалып кеткен адами құндылықтарды шаңқай түте шам алып іздеп жүрміз. Ол қандай адами құндылық?
Мәселен, азаматтарымыз парасатын жоғалтып алған. Жасыратыны жоқ, сақалын саудалаған қарияларымызда қарттық қасиет болмай барады. Аналарымыз жаулық салмайды басына. Жаулық былай тұрсын, шалбар киіп, шаш бояған «әжелеріміз» немересіне ертегі айтпақ түгілі, әлгі бір ертегідегі жағымсыз кейіпкердің өзіне айналып бара ма, қалай? Барлығы емес, әрине.
Бар. Көпке үлгі тұтар үлкендеріміз бар. «Әдемі қартайған» дейміз ілеуде-бір кездескен қазына-қарттарымызды. Бүгінгі жаһандану жұтқыншағына жұтылғалы тұрған жастарымызға өнеге сіңірер сол қазынамыз сарқылмасыншы!
Әрине, әжемнен жаулық кеткен соң қыздарымыз хиджап киіп, өзге ағымның жетегінде жүр. Балағын кескен, сақалы өскен ұлына тоқтам салар әкелерден қауқар тайған.
Қазақ келіндерінің ажарына айналған, қазақы иба-инабаттың символы, Ер Баукемнің келіні Зейнеп апай айтады: «Мұсылмандықтың айғағы – хиджап емес, иман» деп.
«Орталықтың» ормандай оқырманы үшін тәрбиелік тәлімі зор сұхбат әзірленіп жатыр. Ел аузында «Келін» атанып, халықтың ыстық ықыласына бөленген Зейнеп Ахметовамен болған сыр-сұхбатымызды газетіміздің 7 наурыздағы мерекелік санынан оқитын боласыздар.
Жіберіп алмаңыз, қадірлі оқырман!
Үндінің «Келініне» ауып кеткен назарыңыз қазақтың Арлы Келініне бұрылсын!
«Орталық» – Сіздермен бірге!
Ерсін МҰСАБЕК.
Сурет интернеттен алынды.
Асыга кутемиз.
Нағыз батырдың келіні Зейнеп апамызбен бірге жазған сұқбатыңызды асыға күтеміз, аға!
Тамаша сұхбат болар деп үміттенемін.
Ерсін сұхбаттың шебері ғой. Ел сүйсініп оқитын сұңғыла сұхбат болады деп сенеміз.