Руханият

Мәскеуде өнер көрсетті

Қарағандылық мектеп оқушылары әз Наурызды Мәскеуде қарсы алды. Халықаралық байқауда өнер көрсеткен жастардың жұлдыздары жарқырады.

Атап айтсақ, қарағандылық № 92 гимназияның оқушысы Айдана Әкімбекова Мәскеудегі байқауда «эстрадалық вокал» аталымында үш мәрте «Өз жұлдызыңды жақ», «Жаңа ғасыр дарыны» және «Кинотаврик» жарыстарының І орын жеңімпазы атанды. 5000 рубльдің сертификатын жеңіп алды. Орындаушы ресейлік шығармашылық сауықтыру лагеріне және «Mаestro pro» студиясына ән жаздыруға шақырту алды. Айдана конкурстың гала-концертінде ұлттық киімде Роза Рымбаеваның репертуарынан «Туған жер» әнін орындады.

Сондай-ақ, конкурста қарағандылық №48 мектептің және №1 өнер мектебінің оқушысы Ян Губин бастапқы графикалық дизайн Muli байқауының «Кинотаврик» жеңімпазы атанды.

Вокал аталымы бойынша №17 мектептің оқушысы Русалина Исламғазиева және №9 гимназияның оқушысы Ерика Герасимова І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Дана Исламғазиеваның жетекшілігіндегі №2 өнер мектебінің «Импульс» хореографиялық тобы әсерлі өнер көрсетті. Ал, осы топтың солисті Варвара Новичкова «Шығыс биі» үшін ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Атап өткен жөн, байқау жеңімпаздарының жеңісі олардың ұйымдастырушы мұғалімі, жетi жыл қатарынан «Өз жұлдызыңды жақ» конкурсының қазылар алқасына Қазақстаннан шақырылған шығармашылық топ жетекшiсi Людмила Мельниковамен байланысты.

Людмила Мельникова Мәскеуде өтетін бұл жарыстарға «Музонат» аймақтық байқауының жеңімпаздарын шақырып, сертификат табыстаған болатын.

Қарағандылық таланттар жарқын және ерекше өнер көрсетті. Олар әртүрлі жанрлардағы қазақ туындыларын жоғары деңгейде ұсынды. Мәскеу қазақстандық оқушыларды қысқы ауа райының қолайсыздығымен қарсы алғанымен, делегация үшін Ресей астанасына саяхатқа шығу ұмытылмас әсер қалдырды. Балалар әртүрлі елдерден келген көптеген балалармен достасып, жаңа сапарлар мен жеңістерді армандады, – дейді Людмила Мельникова.

Халықаралық конкурста жеңімпаз оқушылармен қатар делегация жетекшісі Людмила Мельникова балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамытқаны үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Ресейлік Ассоциациясының мадақтамасын алып, «Кинотаврик» медалін тақты.

Жалпы конкурс барлық қатысушылар үшін алты айдан астам уақытқа созылды.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button