Мәңгі есімде қалатын күн

   1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күнін асыға күткендердің бірі – өзім екенін айтқанның айыбы жоқ шығар. Бұл күн жақындаған сайын көңілімде ерекше шаттық, жүрегімде жылылық пайда болады. Мұндай қуанышты күйге бөленуіме өмірімдегі мына бір оқиға себеп болды.

2007 жылы 5 қыркүйекте Балқаш қаласының 70 жылдық торқалы тойына Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев келді.

Қала халқымен қоса Абай атындағы №2 лицейдің ұстаздары мен оқушылары Тәуелсіздік алаңына беттедік. Лицейдің қарт ұстаздары – әжелер хорының белсенділері қазақтың ұлттық киімдерін киіп, қолымызға жалау мен раушан гүлдерін ұстап шықтық.

Сол күн – мәңгі есімде қалатын күн. Ағыбай батыр бабамызға ашылған ескерткішке тағзым етуге келген Елбасымызбен жүздесу, өз қолынан гүл дестесін алу – ең бақытты күндерімнің бірі деп есептеймін. Иә, мен бақытты әйелмін, бақытты анамын, бақытты әжемін, бақытты ұстазбын. Сол бақытты елін сүйген, елі сүйген Елбасы сыйлады.

Менің бақытымның жалғасы – балаларымның амандығы, немерелерімнің шат күлкісі, туған-туыстарымның көрсеткен құрметі, әріптестерімнің сыйлап берер сәлемі, дәріс алған шәкірттерімнің айта жүрер алғысы. Маңдайыма жазылған бақытым ұзағынан болсын деймін. Осындай бақыт сыйлаған тағдырыма ризамын!

Шайзада СЫЗДЫҚОВА,

Білім беру ісінің үздігі,

қалалық «Нұр Отан»

партиясы ардагерлер

кеңесінің төрағасы.

БАЛҚАШ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.