Жаңалықтар

Мәдениет мәйегі – ордалы орталықта

    Қарағанды қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Константин АПАЧИДИ төрағалық ететін «Авги» облыстық грек мәдени орталығы» қоғамдық ұйымы бар. Бірлік пен ынтымақтастықты ту еткен бұл ұйымның атқарып жатқан жұмыстары жетерлік.

1997 жылы ірге қалаған ұйымның негізгі мақсаты – облыс аумағында тұрып жатқан гректердің ұлттық сана-сезімін, ана тілі мен мәдениетін қайта жаңғырту, тарихын оқыту, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптардың ең үздік үлгілерін дамытудағы мәдени-ағартушылық қызметтерді атқару. Сонымен қатар, облыстың рухани дамуына үлес қосып, қайырымдылық жұмыстарын өткізу, жастардың тәрбиесі мен білімін жіті қадағалап, оларға қолдау көрсету, елімізде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасында мәдени құндылықтармен алмасуға қолдау көрсету.

Орталық жанында демалыс мектебі жұмыс істейді. Онда балалар мен ересектер грек тілін меңгеріп, мәдениетінің өркендеуіне атсалысады. Бұл мектепте гректер ғана емес, сондай-ақ, грек мәдениетіне қызығушылық білдіріп, грек тілінде оқып, жазып үйренуге ынта-ықылас жасаған барша ұлт өкілдері дәріс алады.

Грек орталығының қызметі өзге этно-мәдени бірлестіктермен сындарлы серіктестік орнатуға бағытталған. ҚР Тұңғыш Президенті тарихи-мәдени орталығымен және «Долинка» елді мекеніндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына еске алу мұражайымен бірлесіп, қазақстандық патриотизмді дамытуға елеулі үлес қосуда.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button