Бас тақырыпЖаңалықтар

Мұғалімдерді аттестаттау қалай жүзеге асады?

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесі қалай өтетінін түсіндірді, деп хабарлайды ortalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сурет:
flectone.ru

Педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидалары мен шарттары бекітілді. Оны әзірлеуге 50-ден аса педагог-зерттеуші, шеберлер, білім беру саласының сарапшылары қатысты. Еліміздің барлық өңірінде 200-ден астам кездесу өткізілді. Оның қорытындысы бойынша “шебер педагог – табысты оқушы” философиясы көпшілік тарапынан қолдау тапты, – деді комитет басшысы.

Комитет басшысының сөзінше, бұл аттестаттаудың жаңа қағидаларында мұғалімнің жетістіктері оның оқушыларының жетістіктерімен бағаланады және әр сабақ педагогикалық білімді бағалаудың негізгі құралы болады.

 

Ашықтықты қамтамасыз ету үшін педагог қызметінің барлық нәтижесі 2025 жылдан бастап ел бойынша жұмыс істей бастайтын ұлттық платформада жинақталады. Өткен жылғы тест нәтижелері биылғы аттестаттаудан өту кезінде ескеріледі. Тараптардың пікірін ескере отырып жаңа ережелерге 15 норма кіргізілді, – деп Қаныбек Жұмашев нормаларға тоқталды.

– 30 жылдан астам педагогикалық өтілі бар мұғалімдер білімін бағалаудан босатылады.

– ұлттық платформа енгізілгеннен кейін педагогтер тек өз пәні бойынша бағаланады.

– платформаны енгізгеннен кейін зерттеушілер мен шеберлерге арналған тестілеу тәжірибені таратумен алмастырылады, яғни тестілеу болмайды.

«Педагог-модератордың» біліктілік санатын беру-растау туралы шешімді білім беру ұйымдары, сарапшыны аудандық, қалалық білім бөлімі, зерттеушіні білім басқармасы, ал шеберлерді Оқу-ағарту министрлігінің аттестаттау комиссиялары қабылдайды.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button