Жаңалықтар

Ұлытау облысында «Атамекен» ҰКП өкілдігі ашылды

Ұлытау облысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдігі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде 14,5 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Олардың 9 мыңнан астамы – жеке кәсіпкерлер, тағы 3 мыңы – фермер шаруашылықтар. Ұлытау облысындағы «Атамекен» ҰКП өкілдігінің негізгі міндеттері: бизнесті қорғау, ШОБ 2.0 бағдарламасы шеңберінде салалық саясатты дамыту, салалық сараптама, соның ішінде бизнес-қауымдастықтармен сапалы жұмыс жүргізу.

«Жаңа өкілдіктің ашылуы – бірінші кезекте, экономикалық тұрғыда маңызды шешім. Ұлытау – еліміздің тарихи және географиялық орталығы, бұл өңір қашанда қазақ халқының бесігі саналған. Бүгін біз Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасын бірге іске қостық. Осылайша кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың толыққанды инфрақұрылымын құруға жол аштық. Палата кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша толық қызмет ұсынатын болады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов жаңа кеңсенің ашылуында. Мәлім болғандай, жақында Абай және Жетісу облыстарында «Атамекен» ҰКП өкілдіктерін ашу жоспарланған.

Басқа материалдар

Back to top button