ҰЛЫ АКТЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақ КСР-нің Халық артисі Мүлік Сүртібаевтың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді. «Театр өнерінің шоқжұлдызы» деп аталған шығармашылық кешке С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты К. Жұмабеков, осы театрдың мұражай меңгерушісі Р. Әбдуәлиева, басқа да өнер тарландары ұлы актер жөніндегі естеліктерін ортаға салды. Олардың арасында ұлы актердің ұстаханасынан шыңдалып шыққан, актерлік дәріс алған Кеңес Нарымбайұлының естеліктері көпшілік көңілінен шықты.

Сондай-ақ, жиналғандар назарына Мүлік Сүртібаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылып, актердің өмірбаяны, театрдағы және кинодағы сомдаған рольдері, замандастарының ол туралы естеліктерінен сыр шертетін «Өмір. Театр. Кино» атты деректі фильм көрсетілді.

Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері шынайы қойылым көрсетіп, жиналғандар ризашылығына бөленді.

Төрехан МАЙБАС

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.