Жаңалықтар

Ұлттық құрылтайдың маңызды бағыты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың жұмысындағы маңызды бағыттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Енді, Ұлттық құрылтайдың жұмысын ұйымдастыру мәселесіне тоқталсам. Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері қатысып отыр. Біз көпті көрген ел ағаларының ақыл-кеңесіне жүгінеміз. Белсенді азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесін ескереміз. Жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын қолдаймыз», – деді Мемлекет басшысы Ұлытаудағы құрылтайда.

Президенттің пайымынша, Құрылтайдың жұмысы сапалы болуы үшін елдің жоғын жоқтайтын азаматтар бас қосуы керек. Бізде түрлі пікірталас орындары бар. Бірақ ұлттық құрылтайдың орны бір бөлек. Құрылтай – кең ауқымды жиын. Бірақ бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек. Отырыстарды мұқият ұйымдастыруымыз қажет. Бұл жерде шын мәнінде халықтың үні естілуге тиіс. Кез келген адамды құрылтайға қатыстыруға болмайды. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жеткізетін азаматтар бас қосуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа материалдар

Back to top button