Бас тақырып

Әлімхан Ермеков рухына тағзым етті

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде қарағандылық азаматтар Әлімхан Ермековтің мазарына барып, рухына құран бағыштады.


Алаш арысының рухына дұға бағыштау шарасына облыс әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетов, ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің Директор-Бас редакторы Қамбар Ахметов, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай, облыстық конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының директоры Жанболат Сектай, облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Сәттібай Жүнісов қатысты.
Тағзым ету барысында облыс әкімінің орынбасары А.Аймағамбетов қайраткер тұлғаның есімін, оның ел игілігі жолындағы еңбегін ұлықтау, бүгінгі ұрпақ жадына сіңіру бағытында облыста қолға алынып жатқан шаралар жөнінде әңгіме өрбітті.

Мазарға 2016 жылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген еді. Сол кезде іздеп келушілерге ыңғайлы болу үшін арнайы жол нұсқаушы белгілерін орнату мәселесі көтерілген. Кейін де талай мәрте айтылып жүрді. Ілкімді істің орайы енді келген тәрізді.


– Қарағандыға Әлімхан Ермековтің рухына дұға бағыштау үшін арнайы келетін азаматтар көп. Олардың кейбірі Алаш арысының жатқан жерін таба алмай, жолдан қайтады екен. Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма арнайы жол нұсқаушы белгілерін қою бастамасын көтерген еді. Айтылған уәде орындалды. Енді іздеп келген адам мазарды бірден табады, – деді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай.

Басқа материалдар

Back to top button