Әлемдегі коронавирус

Сауд Арабиясында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алмаған адамдарға барлық іс-шараларға қатысуға тыйым салынады. Бұл шара 1 тамыздан бастап енгізіледі. Сондай-ақ екпе алмаған азаматтарға мемлекеттік мекемелерге баруға және қоғамдық көлікті пайдалануға болмайды.

Ал, Калифорния билігі тамыздан бастап штаттың барлық мемлекеттік қызметшілерін вакцина қабылдауға міндеттейді. Медицина саласының бүкіл қызметкерлері де вакцинациядан өтуі тиіс. Екпе қабылдамаған жағдайда жұмысшылар үнемі тестілеуден өтіп отырады. Бұған дейін дәл осындай шаралар Нью-Йорк мэрімен қабылданған болатын.

Коронавирусты жұқтыру бойынша тәуліктік антирекордтар тіркелді, Иранда – 34 951 жағдай, Иракта – 12 185 жағдай анықталды. Сонымен қатар Токиода пандемия тарихындағы инфекциялардың ең көп саны анықталды — 2 848 дерек.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.