Балқаш

Латын әліпбиінің негізін қалаушы

     Ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдық мерейтойына орай, №3 кітапхана-филиалы және №7 мектеп-гимназиясының  кітапханашыларының ұйымдастыруымен 7 «А» сынып оқушылары қатысқан «Латын әліпбиінің негізін қалаушы» атты семинар өтті.

Шара барасында «Жас талап» клубының жас оқырманы  Арайлым  Әбдікәрімова бір басында сан-салалы өнер тоғысқан телегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында «…қараңғы қалың елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт жоқ» деп білген ірі тұлға, халықтың рухани  көсемі Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметіне арналған «Жылдар сөйлейді» атты тақырыпта оның еңбек жолын  баяндады. Жас оқырмандар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұмат алып, ақынның өлеңдері арқылы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, қазіргі ұсынылып отырған латын әліпбидің жобасын А.Байтұрсынұлы ұсынған төте жазумен салыстыра отырып, танымдық ойын өтті, сөзжұмбақтар шешілді.

Шара барысында  тарихи тұлғаның шығармаларын насихаттайтын арнайы кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды. Әрине, Ахмет тағылымын бір сәттте білу мүмкін емес. А.Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған еңбегі, болашаққа сенген үміт-арманы, Тәуелсіздікке жетуде елі үшін аянбай тер төгіп, қазақтың ұлт ретінде  сақталып қалуына қосқан үлесі ұрпақпен бірге мәңгі жасай бермек.

                                                      Әлия БАТТАЛОВА,

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button