Бас тақырыпКоронавирус

Коронавирустан жазылған қазақстандықтар ауруханадан шықты

Елімізде екі азамат коронавирус дертінен айықты. Олардың бірі Алматы қаласында, ал, екіншісі Нұр-Сұлтанда емделген. Қазір олар ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев “Хабар 24” арнасының тікелей эфирінде айтты.

«Денсаулық сақтау министрлігінің хабары бойынша, кеше осы ақпарат тараған соң БАҚ өкілдері пациенттер туралы сұрап, хабарласқан екен. Сондықтан дәрігерлік құпияны сақтау жөнінде тағы да бір еске саламыз. Ешкім де коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайтын шығар. Сіздер сол адамның орнына өздеріңізді қойып көріңіздер. Олардың барлығы өз азаматтарымыз», – деді Дәурен Абаев.

  

Басқа материалдар

Back to top button