Жаңалықтар

Кооперативтер көбейе түседі

  Биыл Қарағанды облысында 37 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылмақ. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Юржан БЕКҚОЖИН мәлімдеді.

– Үстіміздегі жылы 37 кооперативті іске қосу жоспарлануда. Бүгінде 5 кооператив жұмысын бастады. Наурыз айының соңына дейін 15-ін құрып, жыл аяқталғанша тағы 22-сі тиісті жұмыстарына кіріспек. Бұл мақсатта мемлекеттен 3,5 млрд. теңге бөлініп отыр, – деді Юржан Асанұлы.

Былтыр Қарағанды аймағында 8 кооператив құру көзделген еді. Іс барысында олардың саны екі есеге ұлғайып, 17-ге жетті. Кооперативтердің тиімділігі сол, ұсақ шаруашылықтар біріге отырып, мемлекеттік қолдауға ие бола алады.

Сондай-ақ, кооперативтер құру арқылы базардағы алыпсатарлардың жолын қию мүмкіндігі туады. Яғни, дүкендердегі ет бағасы арзандайды деген сөз.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button