Үкіметте Қазақстанның сыртқы сауда трендтері қаралды

Сенбі, 1 сәуір күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ortalyq.kz Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

Сурет: primeminister.kz

Атап айтқанда, Үкімет басшысына санкциялық саясаттың еліміздің сауда ағынына әсері, оның ішінде сауда құрылымындағы өзгерістер мен тауар жеткізу логистикасы туралы баяндалды.

Әлихан Смайылов мемлекеттік уәкілетті органдарға жағдайды бақылауда ұстап, сауда тәртібін бұзу фактілеріне байланысты жедел әрекет етуді, сондай-ақ бизнес өкілдеріне кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.