Ресми

Әкімдіктер ұтымды бастамаларға барынша қолдау көрсетуі тиіс – Тоқаев

Этномәдени бірлестіктердің жергілікті билікпен тікелей қатынас орнатуы маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Ассамблеяның барлық негізгі жұмысы жергілікті жерде жүруі керек. Өңірлік ассамблеялар мен жергілікті этномәдени бірлестіктерге осы сессияда қойылған міндеттерді іске асыру ғана емес, жалпы реформалардың сәттілігі де байланысты болады, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Ассамблея көптеген игілікті іске ұйытқы болып отырғанына тоқталды.

– Мәселен, рекордшы Сергей Цырульников «100 ауыл» жобасы бойынша бастама көтерді. Ол ауылдық жердегі 100 мектепті спортқа қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етті. Мұның бәрін бюджеттен қаржы сұрамай жүзеге асырды. «Үйде сөйле» атты жобаның аясында аула клубтары ашылып жатыр. Тұрғындар сол жерде бас қосып, қазақ тілін үйрене бастады. Әкімдіктер осындай ұтымды бастамаларға барынша қолдау көрсетуге тиіс. Этномәдени бірлестіктердің жергілікті билікпен тікелей қатынас орнатуы маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button