Күн жылынғалы Қарағанды облысының медициналық мекемелеріне кене шағуына шағымданып, 64 адам жүгінген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті зардап шеккендердің саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады. Себебі зардап шеккендердің барлығы бірдей медициналық көмекке жүгінбейді екен.
Сурет: stan.kz Департамент мамандары облыс тұрғындарына кене шаққан жағдайда медициналық мекемелерге хабарласуды ұсынады. Тек дәрігерлер ғана жәндіктерді мұқият алып тастап, қауіпті немесе қауіпсіз екенін анықтау үшін зертханаға жібере алады. Кенелер бірқатар вирустардың, бактериялардың және қарапайым микроорганизмдердің тасымалдаушысы болып табылады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі 6 мамырдағы жағдай бойынша адамдардан алынған 64 кене зертханаларға жеткізілгенін хабарлады. Зерттеу нәтижелері жәндіктердің қауіпсіз екенін анықтаған.