Жаңалықтар

Кедендік бақылау іріктемелі болып, тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделуі керек – О. Панкратов

ЕАЭО ішкі кедендік шекара жоқ, демек, кедендік және басқа ведомстволар болмауы тиіс. Бірақ іс жүзінде Ресейде бұл рөлді кеден қызметінің мобильді топтары атқарады. Олар кедендік тексерулер жүргізіп, шекарада тұрақты ветеринариялық және санитариялық бақылауды жүзеге асырады. Бұл Келісімшартты бұзу болып саналмай ма? Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында журналистер ЕЭК мүшелеріне осындай сұрақ қойды.

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Олег Панкратов құжаттық дәлел келтірді.

«ЕЭАО туралы шарттың 25-бабында тауарларды еркін өткізу қамтамасыз етілетіні және Кеден кодексі де осы еркіндікті қамтамасыз етуге негізделгені айқындалған. Бірыңғай кеден аумағында ЕАЭО-ның ішкі шекараларында қандай да бір жаппай кедендік бақылау орнату ұйғарылмаған. Бірақ Кеден кодексінің 331-бабына сәйкес, егер тауар заңсыз тәсілмен әкелінген, не тауарға қатысты қандай да бір арнайы кедендік режимдер қолданылған деген күдік болған жағдайда, кеденнен кейінгі бақылауды жүргізуге мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, осы бапта бақылаудың іріктемелі болуы және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделуі тиіс екендігі айтылған», – деп жауап берді ЕЭК өкілі.

Оның айтуынша, одан басқа да нюанстар бар. Бірыңғай кеден аумағында сыртқы периметрде бірыңғай кедендік тарифтің болуы қарастырылған. Іс жүзінде жағдай өзгешелеу.

«Көптеген елдерде белгілі бір алып қоюлар бар. Егер Қазақстан туралы айтатын болсақ, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі сыртқы контурда қолданылатын кедендік тарифтердің мүлдем әр түрлі болуына алып келді. Қазақстанда 3 мыңнан астам алып қою бар. Қазақстанның өз міндеттемелерін орындауы бойынша Тараптар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін айқындайтын Бурабай келісімі бар. Қазақстан бұл тауарлардың елдің ішкі нарығында ғана айналымда болуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Іргелес шекаралас елдер бұл тауарларға олардың аумағына кірмеуі үшін белгілі бір бақылау жүргізу құқығына ие», – деп түсіндірді Панкратов.

Оның сөзінше, бұл уақытша шара – өтпелі кезең.

Басқа материалдар

Back to top button