Covid-19

Карантин жеңілдетіледі

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, 13 қыркүйектен бастап бірқатар карантиндік шектеулер кезек-кезеңімен жеңілдетілетін болды.


Республика бойынша жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында «қарбалас сағаттарда» қоғамдық көлік санын ұлғайтуға рұқсат берілді. Ұлттық құрама, клуб командалары спорттық жаттығуларға кірісе алады. Алайда, адам саны 30-дан аспауы керек. Сондай-ақ, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын құжатпен растаса, облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат берілді.

Қаулыда ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат берілген. Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы мен «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының қызметі қайта жанданады.

Сонымен қатар, тиісті алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде көзбе-көз өткізуге рұқсат берілді. Құжат бойынша қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу тапсырылды.
Бұл ретте шектеу шараларын қатаңдату 5 күн бойы эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу), ал, карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен кейін жүргізілетінін ескеру қажет.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button