АймақЖаңалықтар
Кәсіпорнын менеджері 5 миллион теңгенің тауарын ұрлап кеткен
Теміртаулық полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адамды ұстады. Ол халық тұтынатын тауарлармен бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындардың бірінде менеджер болып жұмыс істеген.

Күдікті жеті айдың ішінде 5 миллион теңгеге жуық тауарлық-материалдық заттарды ұрлаған. Бұл факті жоспарлы тексеру барысында белгілі болды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынып, қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.