Жаңалықтар

Кәсіпкерлікке қолдау мол

     Таяуда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мемлекеттік қолдау түрлері мен құралдары аясында, бизнес жүргізудің өзекті мәселелері бойынша тегін кеңестер беріп, семинарлар мен тренингтер өткізетіндігін мәлімдеді.

Игі шараның мақсаты – жеке бизнес жүргізетіндерге немесе оны енді ғана ашуға бел буған азаматтарға бір жерден оқып, бизнес жүргізудің түрлі аспектілерімен бай­ланысты кеңес алуға мүмкіндік беру.

Атап айтқанда, «Фирма немесе дүкендегі түсімді арттыру», «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңбе­рінде мемлекеттік гранттар беру», «Бизнес-жоспардың теориялық ас­пектілері», «Несие алу үшін қарыз алушыға қойылатын талаптардың негізі шарттары» тақырыптары аясында семинар-тренингтер өтетін болады. Семинарлар мен тренингтер ақпанның 14, 15, 16, 21, 28-і күндері, орталықтың дәріс залында өтеді деп жоспарланды.

Бизнес жүргізудің өзекті мәселелері бойынша оқыту, шеберлік сыныптары және семинарлардан дәріс алуға қызығушылық білдіргендер бар болса, қатысып көруге кеңес беремін. Біздің мекен-жайымыз – Құрылысшылар даңғылы 4 үй, байланыс телефонымыз: 55-90-20, 55-90-22, электронды мекен-жайымыз: damu_cop_krg@mail.ru, – деді кә­сіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button