Балқаш

КӘСІПКЕР «АЛТЫН ҚЫРАН» МЕДАЛІНІҢ ИЕСІ

   Шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасын дамытудағы алар орны ауқымды. Балқаштық кәсіпкер Серік Қасымбеков он жылға тарта уақыттан бері құрылыс салумен шұғылданып келеді. Әуелде шап-шағын ұжыммен бастаған кәсіпкердің шаруасы іргелі ұжымға айналды. Қазір ол басқаратын «Бал­қаш Жібек жолы» ЖШС облыс көлемінде құрылыс салуды кеңінен өрістетіп, тұрғындарға заманауи сәу­­­летті ғимараттар салып беруде. Жұрт­шылықтың құрметіне, алғысына бөлену де бір бақыт.

Жуырда «Бейбітшілік әлемі» Ха­лықаралық Қазақ творчестволық Бір­лестігі тәуелсіздік жылдардағы құ­рылыс саласын дамытып, ел экономи­касын өркендетуге қосқан лайықты үлесін жоғары бағалап, Серік Төлегенұлын «Алтын қыран» медалі және арнайы дипломымен марапаттады. Бұл құрмет – халықаралық жоғары мәртебе болып табылады.

Марапатты Балқаш қаласы мәслихатының хатшысы Қадіржан Тейлянов салтанатты жағдайда тапсырып, үздік кәсіпкердің алдағы уақытта да биік белестен көріне беруіне тілектестік білдірді. Кәсіпкер Серік Төлегенұлы қалалық мәслихаттың депутаты.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Балқаш қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button