Көшеде суару-жуу көлігі кездескен кезде жолдағы қозғалыс ережелері қалай болу керек?

Соңғы уақытта қала тұрғындарынан қыс мезгілінен кейін жол төсемін жуу жүргізілмейтіні туралы шағымдар көптеп түсуде. Сондықтан Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі көшелерді бірнеше күн бұрын сумен жуу жұмыстарын бастау туралы шешім қабылдады. Стандарттар бойынша жуу    1-сәуірден басталды.

Сурет: Ашық дереккөз

– Тұрғындардан түнде көше жуу жұмыстары жүргізілмейді деген шағымдар түсе бастады. Қазіргі уақытта біздің өңірде түнде ауа-райы әлі салқын, мұндай жағдайда су қатып қалады, тиісінше, түнде көшелерді жуу мүмкін емес – көктайғақ пайда болуы мүмкін, – дейді аудан әкімдігі мамандары.

Ведомствода атап өткендей, жақын арада, күн жылынысымен жолдар түнде де жуылады.

Сондай-ақ, әкімдік жол қозғалысы ережелері туралы ескертеді. Жолда суару-жуу көлігі кездессе, автокөлік жүргізушілері көбінесе аталмыш көлікті басып озуға тырысады.

Өз жұмысын орындау кезінде  баяу қозғалатын коммуналдық техника жолға кедергі емес. Кедергі тек  көлік толық тоқтаған жағдайда ғана болуы мүмкін. Басып озуға тек үзік-үзік таңбаланған жолда ғана болады.

Төтенше жағдайлар мен жол қозғалысы ережелерін бұзбау үшін қашықтықты сақтау және суару машинасын басып озбау ұсынылады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.