Жаңалықтар

Көрмеден қалмаймыз

Кеше Елордада «ЭКСПО – 2017» көрмесі салтанатты түрде ашылды.

Алты құрлықты аузына қаратқан бұл көрмеде түрлі мемлекеттердің жобалары қойылып, мәдениеттері таныстырылады. Абай ауданының кеншілері де халықаралық маңызы бар бұл көрмеге баруға құлшыныс танытуда. Кенші кәсібі әсте оңай шаруа емес, әрине. Тау қопарып, тас жару, тереңге түсіп, кен жынысын қырға шығару орасан күшті қажет етеді. Әйтсе де, елде болып жатқан оқиғалардан хабардар кеншілер көрменің ашылуын асыға күтуде.

Елордамыз Астана қаласында өтетін мұндай маңызы зор тарихи оқиғаны елеусіз қалдыруға болмайды. Бірнеше мемлекеттер өз жобаларын ұсынады. Бұл өте маңызды тақырып. Әрі қаншама елдің мәдениетімен танысамыз. Сондықтан, халықаралық көрменің басталуын асыға күтіп жүрміз, – дейді біздің кеншілер.

Жалпы, «Болашақ энергиясы» – социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әртүрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады.

Абай орталық байыту

фабрикасы ұжымы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button