Көпшілік назарында – көне фотоаппарат

Нұрдос КӘРІМ,

Балқаш тарихи-өлкетану музейінде Кеңес Одағы кезінде кеңінен қолданылған көне фотоаппарат сақтаулы тұр. «ФКП» маркалы бұл пластикалық камера 1983 жылдан бері жәдігерлер қатарына қосылған.

– Біз фотоаппарат құрылғысын француз өнертапқышы Жозеф Нисефор Ньепстің есімімен айланыстырамыз. Өнертапқыш 1822 жылы «Жайылған дастарқан» атты көріністі суретке түсіріп, адамзат тарихындағы ең алғашқы фотосуретті жарыққа шығарды. Кейін америкалық өнертапқыш Джордж Истмен пленкалы фотоаппаратты ойлап тапты. Бүгінде музейде тұрған фотоаппарат алғашқы ірі форматты аппараттар қатарына енеді. 18×24 сантиметр өлшемінде сурет түсіре алады. Камерасы еменнен жасалған. Салмағы – өте ауыр. Салмақ тұрақтылыққа және түсірілім кезінде дірілдің болмауына ықпал етеді. Объективі – тік. Екі кассета бөлігі, бұру механизмі бар. Бұру механизмі кез келген жазықтықта айқындылыққа бағыттауға мүмкіндік береді, – дейді музей қызметкері Асыл Серікқызы.

Айта кетейік, «ФКП» 1930 жылы «Кубуч» шеберханалары мен Ленинград фототехникалық мектебінде, 1931 жылдан бастап «ГОМЗ» Ленинград зауытында шығарылған. Ал, 1975 жылдан бастап Харьков фото фабрикасында жасала бастаған. Кең таралған камералар бұрынғы КСРО-ның барлық фотосалондарында пайдаланылған.

БАЛҚАШ қаласы.