Жаңалықтар

«Күндіз-түні жұмыс істеңіздер»

Магнитогорская көшесіндегі жөнделіп жатқан жол қарағандылықтардың наразылығын тудыруда. Күн сайын сол жолмен 200 мыңға жуық адам жүріп өтеді. Қала тұрғындарының шағымдары облыс әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Жеңіс Қасымбек Майқұдықтағы осы көшені аралап, басты жолдың жағдайын тексерді.

– Қыста бұл жолды күтпедіңіздер, қазір де солай! Мен жұмыстың жүріп жатқанын көріп тұрған жоқпын. Ақпан айында жұмысшылар жұмылдырылуы керек еді. Біз уақытында ақшасын төлеп жатырмыз! Неліктен халық сіздер үшін зардап шегуі керек?! Үлгермейсіздер ме? Олай болса күндіз-түні жұмыс істеңіздер! – деп мердігерді облыс әкімі сынға алды.

Мердігер компанияның өкілі қазіргі жағдайды мамандардың тап шылығымен түсіндірді. Олардың айтуынша, мәселе шешілуде. Келесі аптадан бастап жөндеу жұмыстары жалғасады.

Кемшіліктерді ескермеген жобалаушылардың жұмысы да Жеңіс Қасымбектің наразына ілікті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ұзақ жылдардан бері алғаш рет, ұзындығы 11 шақырым болатын ең ұзын қала көшелерінің бірінде жол жабынын қайта қалыпқа келтіру басталған болатын.

Қала бойынша жұмыс сапары барысында облыс әкімі тағы бір проблемалық учаске – «Трилистник» тұрғын-үй кешеніндегі №7 үйде болып, тұрғындар мен кездесті. Олар ұзаққа созылған құрылысқа шағымданып, жаңа ғимараттағы кемшіліктерді атап өтті.

Тұрғындардың шағымдануына негіз бар. Мердігер компания 20-сәуірге дейін кемшіліктерді түзетуге міндеттелді. – Қала әкімі сіздермен үнемі байланыста болады. Мен мұнда тағы да келіп, жағдайды бақылаймын. Сіздерге барлығын жобаға сәйкес етіп жасап береді, – деп Жеңіс Қасымбек «Трилистник» тұрғындарына уәде берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button