«Күн көсемді» Алаштың мүддесіне иліктірген қазақ

Алаш ардақтысы Әлімхан Ермековтің өмір жолына үңілсек, үлкен өнегенің ізімен бірге, алдаспанның жүзімен жүріп өткендей, сынаққа толы, әрі қатерлі, әрі қайсар ғұмырдың сілемдерін сезінгендей боламыз. Сонымен бірге, өзге қазақ зиялыларының ешқайсына ұқсамаған өзгеше ғұмыр иірімдерімен жаныңды баурайды.

Ғұмыр бойы белсенді еңбек етіп, сексенді алқымдап барып, жарық дүниемен қош айтысса да, басынан қиқу кетпепті. Үнемі соңында аңду жүрген, әрбір іс-әрекеті, сөйлеген сөзі бақыланып, есепке алынып, тіркеліп отырған адамның жеке бақыты туралы сөз болуы мүмкін бе? Бірақ, өзі үшін тәтті болмаған ғұмырдың халқының бағы болғандығына еш күмәніміз жоқ. Оған Әлімхан Әбеуұлының өмір жолдарынан толық жауап таба аламыз.

Ақтоғайдың алып тауы Ақсораңмен бауырласа жатқан Желтаудың бойында болашақ алаш көсемі Әлихан дүние есігін ашса, Әлімхан Бөріктас деген тау аңғарында, ал Ақбайдың Жақыбы Төңіректас аталатын тау сілемінде өмірге келген екен. Қандай ғажайып сәйкестік десеңізші! Жаратқанның өзі ұлы мүдделі жандарды топырақтастыра табыстырғанға ұқсайды ғой, қалай сүйсінбессің?!

Алаш көсемі Әлихан өздерінің басты мұрат-мүдделерін жалғыз ауыз сөзге сыйғызып: «Жер, жер тағы да жер!» – деп жұртына жар салғанда, оны жанын салып қолдаған ең жақын серігі Әлімхан болғандығын баса айтуға тиіспіз. Бұл туралы әңгіме бөлек және ол бүгінгі қазақ баласының да мәңгілік басты мәселесі, ең өзекті тақырыбы болып қала бермек…

Досжан ӘМІР,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

Мақаланың толық нұсқасын газеттің 17 қазандағы №116 (23 292) санынан оқи аласыздар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.