Басты тақырыпОблыс әкіміТеміртау

Күміс жүлдегерлерге – құрмет

4 мамыр күні облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ «Теміртау» хоккей клубының басшылығымен және ойыншыларымен кездесті.

Аймақ басшысы Қарағанды клубының басшылығын, жаттықтырушылар штабы мен ойыншыларын зор жетістіктерімен құттықтап, барлық турнир бойындағы олардың жеңіске деген ұмтылысын және отандық спортты дамытуға қосқан үлестерін атап өтті.

Чемпионатта небары екінші маусым ойнап, соған қарамастан күміс жүлдегер атанғандарыңыз қуантарлық жайт. Сонымен қоса, команданың үштен бір бөлігі қарағандылық хоккей мектебінің тәрбиеленушілері болғаны көптің көңілін серпілтті. Біз, қарағандылықтар, сіздердің ойындарыңызды тамашаладық. Сіздер Қазақстан чемпионатын сәтті бастап, кәсіби ойыншы екендеріңізді тағы да бір мәрте дәлелдедіңіздер. «Теміртау» мен «Арлан» арасындағы кездесуде жартылай финалдың плей-офф кезеңіндегі жетінші ойында жұрт болып алаңдадық. Аталған ойындар кәсіби деңгеймен, әдемі соғылған шайбалармен елдің есінде қалды,–деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Бұдан кейін сөз алған «Сарыарқа» хоккей клубының жетекшісі Арғын Нығматулин командада болған өзгерістер мен жоғары жетістіктерін жеткізді. Жергілікті команданың бас бапкері Дмитрий Крамаренко алға қойған мақсат, жоспарларымен бөлісті.

Хоккейге келуші көрермендер саны бойынша біздің клуб ЖХЛ командалары арасында бірінші орынға, ал ойындарына көп халық жиналатын 100 Еуропалық команданың тізімінде 87-ші орынға тұрақтаған. Сондай-ақ, жерлестеріміздің мұз айдынындағы 80 рет кездескен ойынына 200 тұрақты жанкүйер арнайы барып қолдау білдірген.

Кездесу соңында клуб басшыларына және ойыншыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Өздерінің ризашылықтарын білдірген қарағандылық сайып қырандар облыс әкіміне естелік ретінде хоккейші шлемін сыйлады.

Нұрдос КӘРІМ

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button