Жаңалықтар

Көлік қозғалысы – бақылауда

    26-28 қаңтар аралығында Қарағанды облысында жүргізілген республикалық «Автобус» жедел – алдын алу іс-шарасында 178 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Облыс аумағындағы жолдарда апатты жағдайларды төмендету, жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын болдырмау, жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында жүргізілген шараға бірнеше полиция қызметкері жұмылдырылды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыздыққа жол бергені үшін 1 әкімшілік хаттама толтырылса, көлігі техникалық байқаудан өтпеген 9 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, көлік айдау кезінде телефон, радиостанция қолданған 34 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылған. 3 жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс арттырған, 41 жүргізуші маневр жасау ережесін бұзған және 4 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермей жол ережесін бұзған.

Бір айта кетері, жылдың басынан бері қоғамдық көлік бойынша 42 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 41-і түрлі жарақат алған.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button