Ресми

Көлгінов: Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандардың әлеуметтік жәрдемақысы өседі

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде биыл жәрдемақылар қалай, қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Ашық дереккөз

– Жыл басынан бері мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған 900 мыңға жуық адам алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 8,5% өсті. Ал бірінші шілдеден бастап сіздің тапсырмаңыз бойынша бұл төлемдер тағы 14,5% өседі. Сонда биыл жылдық өсім 23% болады, – деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 1 млн 200 мың адамның айлығы 30% өскен.

– Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 20% , колледждерде 50% артады. Мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік шаралары 4 400 мың қазақстандыққа әсер етті. Сіздің бастамаңыз бойынша депозиттерге 10 пайыз өтемақы төлеу шарасының аясында наурыз айында 2 млн 600 мың салымшыға 307 млрд теңге төленді, – деді Үкімет басышсының орынбасары.

Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button