Көлдің сәні – балық

    Балқаш көлін балықтандыру жұмыстары жалғасын табуда. Табиғат қорғауға арналған шаралар балық шаруашылығымен айналысу нысандары қорын толықтыру мақсатында жүргізілуде.

Шабақтармен «Қарағанды балық тәлімбағы» ЖШС қамтамасыз етті. Жақында «Жанды күміс» аталған операцияның кезекті кезеңін «Ағыбай батыр» ЖШС мен «Әділет» шаруа қожалығы ұйымдастырып, 8 мыңға жуық тұқы балығының шабағын суға жіберді.

«Бір тал кессең, он тал ек» деген халық даналығын ұстанған балық шаруашылығымен айналысушы азаматтар, туған жерге, табиғатқа қарымтасын қайтару әрбір балық өнеркәсіпшілерінің борышы деп санайды. Аталмыш шаруашылықтар ағымдағы жылы көл тоғанын 1500-ге жуық шабақпен толықтырған. Осы шабақтардың 25 пайызы тіршілігін жалғастырғанның өзінде олар аналық жасына жеткенде жарты миллионға жуық уылдырық шашатын болады деп болжайды мамандар.

Сонымен бірге, өткен аптада «Балқашбалық» ЖШС мамандарымен су айдынына тағы 50 мың тұқы шабағы жөнелтілді. Айта кету керек, фирма мамандары маусым айында су тасқынынан кейін жағаға шығып қалған балықтарды құтқару операциясын жүргізіп, 700 мыңға жуық табиғи құртшабақтарды көлге қайтарған болатын. Бұл игілікті іске тұрғындар да атсалысыпты.

Балқашты балықтандыру шарасына жануарлар мен өсімдіктерді қорғау саласының өкілдері куәлік етті.

Айнұр КЕНДІРБАЕВА.

БАЛҚАШ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.