Жаңалықтар

«Көңілім – Көктем»…

1 сәуірде Кеншілер сарайында «Орталық» өңірлік қолбасшылығы Қолбасшысының ауспалы кубогіне арналған «Көнілді тапқырлар алаңы» ойыны өткізілді. Аталмыш шараға еліміздің СҚО, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облысынан келген әскери қызметшілер қатысып, өзара бақ сынасты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы КТА Одағының Қарағанды қаласындағы филиалының бас редакторі Бегім Қантөре тізгіндеді. Ал, іс-шараға өңірден 8 команда қстысқан.

Қатысушы командалар «Сәлемдесу» және «Музықалық номер» аталымында әзіл-оспақ жанрында өзі туралы айта отырып,  көппен амандасты. Ал, «Үй жұмысы», «Көкілім – көктем» аталымында көктемгі маусымда өз бөліністің қызметі туралы миниатюра мен көрініс дайындаған. Әскерилер жалпы қызметтегі, отбасындағы оқиғаларды көрініс ретінде қойып, патриотизмді тәрбиелеу жолындағы игі істерге де тоқталды.

– Ойынның әділ өтуі үшін қазылар алқасы кәсіби мамандардан тағайындалған болатын. Біздің алдымызда барлықтарыңыз да жеңімпазсыздар. Ел алдындағы борыштарыңа адалдық танытып, бүгінгідей бір-бірімізге күлкіге толы уақыт сыйлап қызметте жетістікке жете беріңіздер. Барлық ат салысқан жандарға мың алғыс, – деді генерал-майор Сакентай Шекарбеков.

Үш сағатқа созылған байқау қорытындысы бойынша  Бас жүлдені Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының 6505 әскери бөлімінің «Бір үйдің балалары» командасы жеңіп алды. І орынды – қарағандылық 5451 әскери бөлімінің ұландары «Тәртіп сақшылары» командасы иеленді. ІІ орынға – теміртаулық 5516 әскери бөлімінің құрама «Крутые берцы», ІІІ орынға Петропавл қаласынан келген 6637 әскери бөлімінің командасы «Юмор в погонах» командасы лайық деп танылды.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button