Пікірлер
Көңілге сенім ұялатты
«Әрине, бұл кезең жұртшылыққа оңай тимегені анық. Кейбір азаматтар жұмысын жоғалтып, табыссыз қалды. Ойға алған жоспарларын өзгертуге мәжбүр болғандар да бар. Адами тұрғыдан мен мұны түсінемін» – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ елге арнаған мәлімдемесінде.
Халық қамын ойлаған Президент әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында арнайы шара қабылданып жатқанын және күрделі кезде әр азамат назарда болып, мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайтынын айтты.
Мәлімдеме көңілге сенім ұялатты. Өйткені, азаматтарға қолдау көрсетуге қаражат бөлу мәселесі – бақылауда. Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылады. Ендеше, уақыт тынысымен үндес талапты орындау – парыз.
Ғабибулла МҰҚЫШЕВ,
жол дистанциясының басшысы.