Ресми

Ішкі істер министрімен тікелей байланысқа қалай шығуға болады?

Ішкі істер министрі  Ержан Сәденов ел тұрғындарына өзімен қалай байланысқа шығуға болатыны жайлы айтты.

Сурет: gov.kz

– Биыл ІІМ-де кадр сапасын жақсарту жылы. Ауқымды әрі жауапты істі қолға алдық. Бұл ретте ел тұрғындарының кері байланысы өте маңызды. Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер тиімді байланыс құралы екені сөзсіз. Өзімнің Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жеке парақшаларымның бар екенін еске саламын. Осы парақшалар арқылы менімен байланысқа шығуға болады. Ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын.
Тәртіп сақшылары күндіз-түні қызметте. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 14,5 мыңнан астам Ұлттық ұлан әскері мен полиция қызметкерлері жұмылдырылады. Әр қызметкердің алдына қойылған басты мақсат – арыз-шағымдарды жылдам әрі кәсіби түрде қарастырып, әрекет ету. Полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуді жалғастырамыз, – деді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button