Руханият

Өңірімізде – олимпиада өтуде

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика пәні бойынша Х республикалық пән олимпиадасы өтуде. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 16 жоғарғы оқу орны студенттері келді.

Жыл сайын өткізу дәстүрге айналған журналистер додадасына биыл студенттер ерекше көп жиналды. Республика бойынша барлығы 48 қатысушы бақ сынауда. Шара шымылдығын филолгия ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов түрсе, ҚарМУ-дің филология факультетінің деканы, филолгия ғылымдарының докторы, Мұхамедқали Ілиясұлы мен облыстық «Saryarqa» телеарнасының директоры Берік Дүйсетаев сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Екі күн бойы болашақ журналистерге телевизия, газет, интернет-журналистика саласында көп жылдар бойы қызмет етіп жүрген білікті журналистер қазылық етеді. Атап өтер болсақ, облыстық «Saryarqa» телеарнасының аға-редакторы Әли Тойжігіт, филолгия ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов, ҚарМУ оқытушысы, филолгия ғылымдарының кандидаты, доцент Жанар Сембекқызы, «Хабар» телеарнасының Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Ардақ Қабыханов, «31 арнаның» өңіріміздегі меншікті тілшісі Мейрамкүл Салқымбаева, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі Қызғалдақ Айтжанова, республикалық «Qasym» сайтының редакторы Нұрлыхан Қалқаманұлы.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – таныстыру. Әр қатысушы команда «Теледидар және дәуір» тақырыбында дайындап келген 5 минуттық бейнематериалдарын көрсетіп, өз топтарын таныстырды. Ал, екінші кезеңінде әр студенттің шығармашылық қабілеті сыналды. Олар ұсынылған тақырып бойынша эссе жазудан жарысты. Эссе жазу барысында студенттің берілген тақырыпты аша алуы, өзіндік ой-пікірін жеткізе алуы, сауаттылығы сынды мәселелер басты назарға алынды.

Алғашқы күнгі сынақтар осымен аяқталып, қатысушылар академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихи мұражайына табан тіреді. Ал, кешкілік ұйымдастырушылар мен студенттер келген қонақтарға «Университет» мейрамханасында концерттік бағдарлама ұсынып, дастарқан жайды.

Олимпиаданың екінші күнінде, яғни бүгін студенттер тағы екі сайыс кезеңдерінен өтеді. Ол «Жедел ақпарат» және «Қазақ журналистикасының тарихы», «Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен қызметі» және «Телерадиожурналистика» пәндері бойынша тест тапсырмалары.

Жанел ҚАЙНЕТДЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button