Ресми

Өңірде көлік қозғалысы шектелді

Ауа-райының күрт бұзылуына байланысты облыстық Полиция департаменті өңірде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысты шектеді. 

– 16 сәуір күні сағат 20:10-дан бастап «Алматы-Екатеринбург» автожолында (ақылы терминалдан Ақмола облысының шекарасына дейін);
– сағат 20.30-дан бастап «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолында (Қарағандыдан Қарқаралыға дейін)
– «Астана-Қабанбай Батыр – Нұра-Теміртау» автожолында (Теміртаудан Ақмола облысының шекарасына дейін);
– «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолында (Ботақарадан Павлодар облысының шекарасына дейін);
– сағат 22.00-ден бастап «Қызылорда-Павлодар» автожолында (Қарағандыдан Павлодар облысының шекарасына дейін);

– Жүргізушілерден мүмкіндігінше елді-мекендер арасында ұзақ сапарлар мен жаяу жүруден бас тартуды сұраймыз. Ауа-райы жағдайы нашарлаған жағдайда автожолдардағы жағдай халыққа SMS-хабарламалар және әлеуметтік желі арқылы алдын ала жеткізіледі. Төтенше жағдай қызметінің хабарларын қадағалаңыз есіңізде болсын, ауа- райы нашарлаған жағдайда облыс жолдарында қозғалыс шектелуі мүмкін. Қозғалыс шектелген кезде полицияның заңды талаптарына бағынбайтын жүргізушілерге Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 667-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деді облыстық Полиция департаменті мамандары.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының Жергілікті полиция басқармасы полицияның заңды талаптарына бағынбаған жағдайларда көлік құралдарының жүргізушілеріне 30 АЕК (айлық-есептік көрсеткіш) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы еске салады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button