Білім

«IQanat-2023»: Жерлестер жүлдемен оралды

Еліміздің 8-сынып оқитын ауыл оқушылары арасында өткізілген «IQanat-2023» республикалық олимпиадасына облыс атынан 25 оқушы қатысқан болатын. Солардың ішінен Осакаров пен Бұқар жырау ауданының оқушылары жүлдемен оралды.

Бірнеше күнге созылған олимпиаданың қорытындысы бойынша Осакаров ауданының оқушылары Анна Литвинко мен Дарья Баканова жүлделі ІІІ орынға ие болды. Анна математика пәнінен, Дарья химия пәнінен сынға түскен болатын.

Сонымен қатар, бұқар жыраулық Арина Сумская мен Анна Литвинко IQanat мектебіне жолдама алды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button